Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада масаң күйде өзгенің ашық қалған көлігін иемденген тұрғын ұсталды

Қала тұрғыны Тілендиев көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам кешкі уақытта оның Opel автокөлігін иемденгені туралы полицияға арызбен жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тексеру барысында ер адам мас күйде ашық көліктің салонына отырып, оны ұрлап кеткендігі белгілі болды. Ұрланған көлікпен ол келесі ықшам ауданға жетіп, көлікті тастап кеткен.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам өзінің теріс әрекетін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға автокөліктен кетіп бара жатқанда сақ болуды ескертеді. Барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеру қажет. Ұрлықты болдырмау және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер қауіпсіздік дабылы жүйесін орнатуды, көлік кілттерін бейтаныс адамдарға бермеуді ұсынады.

Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру