Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖД бастығы Игілік Хасеновтың басшылығымен өткен қорытынды жедел-қызметтік кеңеске департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация қызметтерін басқару бөлімінің бастықтары, сондай-ақ «Еңбек-Жауғашты» РМКФ директоры қатысты.

Бірінші кезекте департамент бастығы жеке құрамға Мемлекет басшысының, ішкі істер министрінің және ҚАЖК төрағасының жарты жылдықтың қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылған тапсырмаларын жеткізді.

Жедел кеңес барысында ағымдағы жылдың алты айындағы қызметтердің жұмыстарының қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленді. Сонымен қатар, бағыттағы жетістіктер атап өтіліп, олқылықтар мен кемшіліктер талданды.

Департамент бастығының орынбасарлары мен ведомстволық бағынысты мекеме басшылары колониялардағы жедел-режимдік жағдай туралы, цифрландыру бойынша жұмыс кезеңі туралы баяндап, бірқатар проблемалық мәселелерді айтты.

Тыйым салынған заттардың мекемелерге кіруіне жол бермеу, сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ұлғайту, бөлінген қаржы қаражатын тиімді игеру және пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан қайталанған қылмыстардың алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі талқыланды.

Департамент бастығы қызметкерлердің заңдылықты сақтауына, кадрларды іріктеу жұмысын күшейтуге және қызметкерлердің бейнетіркегіштерді міндетті түрде пайдалануларына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру