Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ІІО қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан іріктеу турнирі өтті

Ақтау қаласы полиция басқармасының “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы кешенінде ішкі істер органдары қызметкерлері және Маңғыстау облысы бойынша қоян-қолтық федерациясы командасы арасында қоян-қолтық ұрыстан іріктеу кезеңі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның ашылу салтанатында қызметкерлер сап түзеп, Әнұран шырқалды. Сондай-ақ қалалық ПБ бастығы Н.Мұханбетқали алғысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш турнирде барлығы 11 салмақ дәрежесі бойынша 81 қызметкер бақ сынасты. Айта кетейік, тартысты додада полиция департаментінің жеке құрамынан бөлек, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері де сынға түсті.

Жарыс қорытындысына сәйкес, 52 келі салмақ дәрежесінде үздіктердің үздігі деп танылған – жедел басқару орталығының инспекторы Э.Есболаева. Ал 65 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-орынды ПД ЖҚАЖ инспекторы А.Сайлау еншіледі.

Ерлер арасында 62 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға өңірлік қоян-қолтық федерациясының өкілі А.Салтанатов ие болса, Жаңаөзен қаласы ПБ жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы М.Бексұлтан 67 келі салмақ дәрежесінде алға шықты.

80 және 88 келі салмақ дәрежелері бойынша күрескен ПД оқу-жаттығу ротасының инспекторлары бірінші орынды иеленсе, 97 мен +97 келі салмақ дәрежелерінде ПД ЖҚАЖ инспекторлары жеңіс тұғырынан көрінді.

Барлық жүлделі орынға ие болған қатысушылар медальдармен және ПД бастығы А.Дуйсембаевтың дипломымен марапатталды. Сондай-ақ өзгелерден оқ бойы озық шығып, іріктеу кезеңінен сәтті өткен сайыс жеңімпаздары Қарағанды қаласында өтетін республикалық додада Маңғыстау облысы полиция департаментінің намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру