Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны супермаркеттерде жалған чектермен төлем жасаған

Ақмола облысының тұрғыны супермаркеттерде жалған чектермен төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшы қаласының полиция бөліміне 5 жәбірленуші алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген. Өтініш берушілердің айғақтарына сәйкес, 1 шілдеде белгісіз адам қаланың супермаркеттері мен дүкендерінен сауда жасап, жалған чектермен төлем жасаған.

Кейінірек, 5 шілдеде күдікті сауда нүктелерінің біріне қайта барған сәтте, дүкеннің жұмысшылары оны танып, бірден дүкен иесіне хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен байланысып, кәсіпкер күдіктіні полиция келгенге дейін ұстауға тырысты. Алдын ала тергеу барысында Астана қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтық жасау үшін белгілі бер қосымшаның көмегімен аударым туралы жалған чектер жасағаны анықталды.

Полиция бөлімі барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру