Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында көлікті құжатсыз басқарған 780 жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында жарты жылда жол ережесіне қатысты 110 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын полиция қызметкерлері облыстың автожолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жыл басынан бері 110 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде жарық аспаптарын қолдану ережелерін бұзғаны үшін 3500-ден астам жүргізуші, техникалық ақаулы көлік құралын басқарға 7418 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 10 мыңнан астам жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. Автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін 780 жүргізуші анықталды және жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін 5740 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 7 шілдеде сағат 19:00-де Toyota Camry автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласында Зинченко көшесі жағынан жүріп келе жатып, қозғалысқа кедергілер мен қауіп төнген кезде көлік құралын толық тоқтатқанға дейінгі жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, жолдың жүріс бөлігін сол жақтан кесіп өтіп келе жатқан 7 жасар жаяу жүргіншіге соққан. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

– Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін бұзбаңыз, рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтаңыз. Автокөлікті басқару кезінде сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, – дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру