Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, қомақты қаржыларын иеленген күдіктілер қолға түсті
Ақтөбеде зейнеткерлерді алдап, ірі көлемдегі ақшаларын иеленген күдіктілер қолға түсті. Олардан 15 млн теңге тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 шілдеде Ақтөбе қаласының 84 жастағы тұрғыны қалалық полиция бөліміне алданғаны туралы арызданды. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанын және оған ота жасау үшін ірі көлемде ақша қажет екенін айтқан.
Банк қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ақша қаражатын аудару кезінде 3 алматылық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандардан 15 миллион теңге тәркіленді, олар банктердің терминалы арқылы ақшаны өздерінің сыбайластарының шоттарына жібермек болған. Сонымен қатар қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған күдіктілердің осындай тәсілмен Ақтөбе облысының аумағында қарт адамдарға қатысты ірі көлемде бірнеше алаяқтық жасағандары анықталды.