Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы ШҚО ардагерлер кеңесімен кездесті
Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы ШҚО ардагерлер кеңесімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілдеде ҚР Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің активімен кездесті. Кездесуге сондай-ақ кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жандосов, ШҚО ІІО және ҚР ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев, сонымен қатар полиция департаментінің басшылығы қатысты.
– Мен ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысып жатқанын көргеніме қуаныштымын. Бұл жас ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуге, қызметтік дәстүрлерді сақтауға, жастар арасында полицей мамандығының имиджін сақтауға ықпал етеді, – деп атап өтті Болсамбеков.
Кездесу барысында қатысушылар қызметтік жұмысты талқылап, алдағы жұмыстың басым міндеттерін белгіледі. Шығыс ардагерлері өз кезегінде Өмірзақ Болсамбековке зейнетақымен қамсыздандыруға, ІІМ зейнеткерлерін санаторий-курорттық емдеуге, жеңілдіктер мен әлеуметтік өзгерістерге де қатысты өзекті сауалдарын қойды.
Ардагерлер кеңесінің алдында әлі де үлкен еңбекті қажет ететін бірқатар міндеттер тұр, ең бастысы жас қызметкерлер арасынан – учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, жедел уәкілдердің, тергеушілердің және басқа да полиция қызметтері қызметкерлерін лайықты етіп тәрбиелеу.
Ораз Жандосов өз кезегінде қазіргі уақытта ІІО және ҰҰ зейнеткерлерінің әлеуметтік қорғалуын жақсарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, оларды кейіннен іске асырумен, бірқатар ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты. Кездесу соңында ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесіне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, баршаға зор денсаулық пен табыс тіледі.