Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғындарына жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан азамат ұсталды

Абай облысының тұрғындарына жоқ қантты 1 млн теңгеге сатқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәтті құмға маусымдық жазғы сұраныс аясында қант алаяқтықтары пайда болды.

18 шілде күні Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлады. Жәбірленуші 3 шілдеде базардың маңында белгісіз әйел жақындап оған қант сатып алуды ұсынған. Тауардың төмен құнын естіген жәбірленуші мобильді қосымша арқылы ойланбастан күдіктінің шотына 563 мың теңге аударған.

Осыған ұқсас арызбен жүгініп тағы сегіз жергілікті тұрғын келген. Жалпы шығын құны 981 мың теңгеден асты.

– Барлық деректер ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, – деді облыс ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру