Елордалық ҚАЖД «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп орта бизнес субъектілерін тарту бойынша дөңгелек үстел өткізді
Елордалық ҚАЖ департаменті «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп №2 мекеме аумағында жұмыс істеу үшін шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандарды жұмысқа орналастыру – қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды мәселелерінің бірі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, еңбек – түзетудің және қайта әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі. Сондықтан пенитенциарлық қызметтің ажырамас элементі – еңбекті ұйымдастыруға жағдай жасау.
Еңбекпен айналысатын сотталғандар арасында жаза өтеу тәртібін бұзу деректері әлдеқайда аз және ақылы жұмыспен қамтылғандар сотпен тағайындалған қарыздарын өтейді. Сонымен қоса жақын адамдарына ақшамен көмектеседі. Бұл сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік байланыстарды сақтай отырып, нәтижесінде олар босатылғаннан кейін қоғамға әлеуметтік бейімделуді жеңілдетеді.
Сотталғандардың арасында әлеуметтік байланысын жоғалтқан көптеген адам бар және олар жазасын өтеу кезінде тапқан қаражат көбінесе босатылғаннан кейін олардың өмір сүруінің жалғыз көзі саналады.
Бүгінгі таңда жұмысқа орналастырылған сотталғандар санын көбейтуге және оларды тұрақты еңбек қызметімен қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселе бар. Осы ретте Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында Астана қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында 3 тамызда Астана қаласының шағын және орта бизнес субъектілері үшін дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шара Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасау кезінде жүзеге асырылды.
Дөңгелек үстелге 15-ке жуық шағын және орта бизнес субъектілері қатысты, кәсіпкерлерге Астана колониясында орналасқан жұмыс орнын ашуға болатын бос тұрған ғимараттардың фото-слайдтары көрсетілді.
Аталған кездесу барысында келушілерге “Еңбек” РМК филиалдарында жұмыс істейтін халық тұтынатын тауарларды дайындау цехы, темір-бетон бұйымдарын дайындау цехы, тігін бұйымдарын дайындау бойынша екі цех, ағаш өңдеу цехы сияқты өндірістік цехтардың шығарылатын өнімдері ұсынылды.