Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бірнеше велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті

Ақмола облысында бірнеше велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі айдың ішінде Атбасар ауданының полиция бөліміне қала тұрғындарынан велосипед ұрлығы туралы өтініштер түсе бастады. 4 тамызда ұрлық туралы соңғы өтініш қаралған.

Жәбірленуші шілде айының соңғы күндерінде өзіне тиесілі гараждан белгісіз адамдар BMW және Grand велосипедтерін ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы – 260 мың теңге.

Күдіктінің жеке басын анықтау үшін полиция қызметкерлері аулаларды тексеріп, куәгерлерден сұхбат алып, қылмыс жасалған жерде орнатылған бейнебақылау жазбаларын көрді. Нәтижесінде полицейлер ұрлық қылмысының бірнеше фактісіне қатысы бар азаматты анықтады. Ұрланған велосипедтер ұсталған адамның танысының үйінде сақталған, үй иесінің өзі ұзақ уақытқа кеткендіктен, күдікті үйге ие боп қалған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру