Өзгенің көлігін ұрлап, мас күйінде рөлге отырған ақмолалық бас бостандығынан айырылды
Басқару құқығынан айырылған ақмолалық автокөлікті өзгенің көлігін ұрлап, мас күйінде рөлге отырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылы 10 желтоқсанда Атбасар ауданының полиция бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінде автокөлікті ұрлау дерегі туралы хабарлама келіп түскен. ВАЗ 21214 көлігін іздестіруге полиция қызметкерлері осы ауданда кезекші болған полицияның нарядтары мен патрульдерін бағыттады. Көшелерді пысықтау барысында көлік анықталып, жүргізуші ұсталды.
Мас күйінде көлікті тізгіндеген жүргізуші ауданның 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Алдын ала тергеу барысында ер адам досының үйінде болған кезде алкогольді ішкеннен кейін көліктің қараусыз қалғанын біліп, оны басқаруға отырғандығы, оның алдында 8 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Істеген ісіне өкінетінін және бұдан былай мұндай әрекеттерді жасамайтынын атап өтіп, жазаны жеңілдетуді сұрады.
Сот үкіміне сәйкес құқық бұзушыға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, пробациялық бақылау бүкіл мерзімге белгіленіп, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.