Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғынынан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі затын дайындау кезінде Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 378 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР ҰҰ “Бүркіт” АМЖ қызметкерлері жүргізді.

– Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру