Түркістанда тұрғынның телефонын тартып алған азамат қолға түсті
Түркістанда тұрғынның телефонын тартып алған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын әйел өзіне тиесілі Vivo 25 телефонын сырттай танысқан ер адам күш қолданып, тартып алғанын көрсетті. Жәбірленушіге 200 мың теңге шығын келтірген.
Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары тәртіп бұзып, теріс қылық жасаған ер адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде жергілікті тұрғынды анықтап, полиция басқармасына жеткізді.
Белгілі болғандай, өзара келіспеушілік болып, ер адам әйелдің телефонын заңсыз тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Тәртіп сақшылар қолды болған телефондытәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікке ілінген ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.