Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Көлік полицейлері 360 құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тартты

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 360 құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағы бойынша “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында барлығы 24 қылмыстық құқық бұзушы тіркелген. 17 қылмыс ашылды, оның алтауы бұрын жасалған қылмыс санатынан. Сондай-ақ іздеуде жүрген 12 қылмыскер, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 15 тұлға ұсталды. Бұған қоса 7 оқ-дәрі мен суық қару тәркіленді.

Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтугановтың айтуынша, ұсақ бұзақылық үшін 29, алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін138, балалардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болғаны үшін 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылдап-тарату орындарына тұрғылықты мекен-жайы жоқ 21 адам орналастырылды. Әуежай және темір жол көлігі нысандарынан қаңғыбастық және қайыршылық жасаған кәмелетке толмаған 7 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жеткізіліп, орналастырылды. Көші-қон заңнамасын бұзған 37 шетел азамаиы анықталды.

– Мәселең, Алматы – Орал бағытындағы жолаушылар пойызы Құсмұрын станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзғаны үшін біржолаушыны акт бойынша түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Астана қаласының 58 жастағы тұрғынын анықтады. Ол масаң күйінде балағат сөдер айтып, өзін дөрекі ұстап, жолаушылардың мазасын алып, тыныштығын бұзған. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік  хаттама толтырылды. Сот қаулысына сәйкес, аталған азаматқа қатысты 48 300 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Мадияр Айтуганов.

Естеріңізге сала кетейік 24-26 тамыз аралығында ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру