Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында криптовалюта сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды

Жетісу облысында криптовалюта сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

46 жастағы Текелі қаласының тұрғыны 2 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылып қалғаннан кейін полицияға арыз қалдырған. Ер адам интернеттегі жарнама бойынша биткоин сатып алмақ болған. Алайда алаяқтардың арбауына түсіп қалған.

Полицейлер ақша айырбастауға көмектескен жас әйелді анықтады. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны іс материалдарында күдікті ретінде танылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сәйкес жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру