Ақтөбе полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Ақтөбе полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша облыс аумағында 56 қылмыс тіркелді, кезекші тәулікте 33 және бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 9 адам ұсталды.
Сонымен қатар есірткі заттарын сақтаудың 7 фактісі, тіркелмеген атыс қаруын алып жүрудің 12 фактісі және жарылғыш заттарды сақтаудың 3 фактісі анықталды. Нөлдік төзімділік тәртібінде 3154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ мас күйінде автокөлікті басқарған 17, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 20, белгіленген жылдамдық режимін асырған 2168 жүргізуші жауапқа тартылды.