Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД қызметкерлері Президенттің Жолдауын талқылады

Қостанай облыстық ПД қызметкерлері Президенттің Жолдауын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында заң үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды басымдығы көрсетілген.

Полиция жұмысындағы басты қағидаттар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Полиция қадамдық қол жетімділікте» қағидаттарына сәйкестігі.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасарлары Қостанай облысы ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган өкілдерінің қатысуымен бас құжаттың негізгі Жолдауларын түсіндіру үшін жеке құраммен кездесулер өткізді. Онда Мемлекет басшысы елдің одан әрі дамуына назар аударды.

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк атап өткендей, полиция қызметкерлері үшін азаматтармен ашық диалог жүргізу маңызды. Ол үшін полицияға жаңа жұмыс түрлері енгізіліп жатыр. Мысалы, қызметкерлердің патрульдік автокөліктері QR-кодпен жабдықталған. Ол бойынша азаматтар тәртіп сақшыларының жұмысы туралы пікір қалдыра алады. Бұл мүмкіндікті облыс орталығының 200-ден астам тұрғыны пайдаланып үлгерді.

– Кері байланыс ретінде полицияның жұмыста белсенді қолданатын ұсыныстары да келіп түсіп жатыр, – дейді Алексей Милюк.

Қостанай облысы ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның өкілі, журналист Аркадий Денисов бүгінде полицияны реформалау аясында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін, бірақ жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.

– Елімізде болып жатқан өзгерістер әрқайсымыздан сөздері іске қайшы келмейтін жауапты азамат болуды талап етеді. Бұл қоғамда әділдікке қол жеткізудің басты шарты, – деп ККО өкілі Анатолий Климов пікірімен бөлісті.

Патрульдік полицейлермен кездесу соңында іс-шараға қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру