Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының тас жолдарына арнайы мобильді бекеттер орнатылды

Ұлытау облысында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Облыс аумағындағы тас жолдарға арнайы 5 мобильді бекет орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар және облыстық тас жолдарға мал ұрлығының алдын алуға байланысты рейдтік іс-шаралар өтіп жатыр.

Республикалық және облыстық тас жолдарға арнайы 5 мобильді бекет орнатылды. Оның құрамында криминалдық полиция мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

– Өздеріңізге белгілі күзгі уақытта мал ұрлығы көбею қаупі туындайды. Сол себепті мал ұрлығы қылмысының алдын алу, осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында, Ұлытау облысы аумағында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал мал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес береді, – деді Ұлытау облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Бағадат Дауғарин.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы ет сататын жерлерді және ет өнімдерін тасымалдап келе жатқан автокөліктерді тексеру барысында өнімдерге құжаттардың болуын, малдың ұрланған не болмаса өз малдары екенін анықтау бойынша тексерістер жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру