Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық екі тұрғын жергілікті дүкеннің сейфінен ақша ұрлаған

Елордалық екі тұрғын жергілікті дүкеннің сейфінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елордада ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы екі жігітті құрықтаған.

Күдіктілер түнгі уақытта Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан дүкеннің алдыңғы есігінің әйнегін сындырып, ішке кіргені анықталды. Олар сол жердегі металл сейфті бұзып, ішіндегі ақшаны алғаны белгілі болған. Сонымен қатар, күдіктілер дүкеннің кассасынан да ақша ұрлап, 700 мың теңгеден астам шығын келтірген.

 – Тергеу нәтижесінде олардың өткен жылы дәл осы дүкенде жасалған тағы да осындай ұрлыққа қатысы бар болғаны анықталды, – дейді Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Бектұров Бауыржан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар кінәсін мойындап, айғақ заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру