Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 7 мың литрден астам алкоголь тәркіледі

СҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 7 мың литрден астам алкоголь тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлерінің криминогендік ахуалға жүргізген талдауына сәйкес, облыстағы әрбір төртінші қылмыс алкогольдің әсерінен жасалады. Көңіл көтеру орындарында, қоғамдық орындарда, отбасында – мас адам кез келген жерде заң бұзуы мүмкін. Бұл учаскелік полиция инспекторларының алкоголь өнімдерін сатуға шектеулерді сақтау бойынша жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі саналады.

– Естеріңізге саламыз, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салынған. Алкогольдік өнімдерді сағат 23:00-ден келесі күнгі сағат 08:00-ге дейін, ал этил спиртінің мөлшері 39%-дан көп болған жағдайда сағат 21:00-ден келесі күнгі сағат 12:00-ге дейін сатуға болмайды. Аталған ережелердің бұзылғаны үшін жыл басынан 65 хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша құрамында спирт бар өнімдерді заңсыз сатқаны үшін 200-ге тарта адам жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 7 мың литрден астам алкогольдік ішімдік тәркіленді, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Бүгінгі таңда облыста маскүнемдікке шалдыққан 3329 солтүстікқазақстандық есепте тұр. Полицейлер қаңтар айынан бастап мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына 164 адамды жіберді. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыс ұдайы жүргізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру