Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодар облысында мас жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 890 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 38 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды

– Полиция мас күйде көлік басқарған жүргізушіні тоқтатты, бұрын осындай бұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Мысалы, 12 қазан күні сағат 22:50 шамасында Железин ауданы ауылдарының бірінде полицейлер Ravon R3 автокөлігін басқарған 30 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатты. Жүргізуші мас күйінде болған, бұл медициналық куәландыру қорытындысымен расталды, – деп айтылды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Осындай бұзушылық үшін Павлодар қаласында 14 қазанда сағат 08:50-де Лермонтов көшесінде патрульдік полиция Toyota LC автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, себебі жүргізуші құқық қорғау қызметкерлерінің күдігін тудырды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші мас күйінде болғаны анықталды. Екі жағдайда да немқұрайлы жүргізушілерге қатысты әкімшілік істер қозғалып, сотқа жіберілді. Сот жүргізушілерді 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

13 қазанда Екібастұз қаласында Царев көшесімен 34 жастағы Nissan Primera автокөлігінің жүргізушісі бұрын басқару құқығынан айырыла тұра көлікті басқарған. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары мас жүргізушілерден басқа, облыс жолдарында 40 жүргізушінің басқару құқығы жоқ екенін, жалған нөмірмен жүрген үш көлік жүргізушісін, 19 тиісті рұқсатсыз автокөлікті қайта жабдықтағанын, көпшілігі техникалық тексеруден өтпегенін, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 158, жылдамдық режимін асырудың 148, 21 жүргізуші жолдарда авариялық жағдай жасағанын хабарлады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру