Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері Республика күніне орай іс-шара өткізді

Қостанай облысының полицейлері Республика күніне орай іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінде Республика күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысқан салтанатты іс-шара өтті. Департамент бастығы Ерлан Файзуллин ардагерлер мен қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

– Содан бері өткен уақыт ішінде елде тұрақты экономикалық жүйе құрылып, әлеуметтік сала үнемі дамып келеді. Бұл процестерге ішкі істер органдары да үлкен үлес қосып, азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы уақыт ішінде полиция трансформация жолынан өтіп, қоғаммен тиімді диалог басты орынға қойылды. Елімізде де, біздің өңірде де қылмыс деңгейі үнемі төмендеп келеді, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Салтанатты іс-шара барысында ІІО ардагерлері, еңбек жолында жетістіктерге жеткен полиция қызметкерлері марапатталды.

ҚР ІІМ Министрінің Құрмет грамотасымен жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Батырбек Мырзабеков, министрдің грамотасымен ЖҚАЖ қызметкері Арман Бримжанов марапатталды. «ІІО үздігі» медалі арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бөлімшесінің аға инспекторы Қуаныш Муқеновке табысталды. Марат Мамаев және Дәулет Ахметов полиция полковнигі атағын алды.

Қостанай облысы ПД бастығы жеке құрамға өзінің азаматтық борышын лайықты атқаруын тіледі. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен және ел қорғаған батырлардан қазіргі тәртіп сақшыларына дейінгі ұрпақтар арасындағы байланысты көрсеткен бейнероликпен жалғасты.

Қостанай полициясының жеке құрамы қызмет атқарудын күшейтілген нұсқасына көшті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру