Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің балалар колониясында жұмыс орындарын ашу мақсатында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме басшылары мен кәсіпкерлер кездесуіне, сондай-ақ Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры І.Шопабаев Еңбек мобильдік орталығының қызметкері Д.Тұрлыбек және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Е.Бейімбет, ЖК «Ахатаев» жеке кәсіпкерлігінің өкілі Е.Ахатаев, ЖК «Kizmet» жеке кәсіпкерлік өкілдері А.Сұртай және Д.Құспанғалиев қатысып, сотталған балаларды жұмыспен қамту үшін қосымша жұмыс көздерін ашу мәселесін талқылады.

Талқылау барысында мекеме бастығы М.Төлубаев пен мекеме бастығының орынбасары Болат Қанат кәсіпкерлерді жұмыс орындарын ашуға болатын ғимараттармен таныстырды.

– Заң талаптарына сәйкес 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істейді. Жазалы жасөспірімдер үшін жұмыс көзін ашудың маңызы зор. Себебі олар бір жағынан қазіргі сұранысқа ие кәсіптерді меңгерсе, екінші жағынан табыс тауып, сот белгілеген шығындарын өтей алады. Сонымен қатар еңбек ете жүріп, шеберліктерін шыңдайды. Еркіндікке шықан соң меңгерген кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады, – дейді №11 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы Н.Низамова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру