Семейде колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан азамат ұсталды
Семейде колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Телефон мен сим картаны Семей қаласының колониясына лақтыруға тырысқан ер азамат оқиға орнында ұсталды. Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына лақтыруына жол бермеді.
Мәселен жедел бөлім қызметкерлерімен 33 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. Ол скотчпен оралған ораманы лақтыруға тырысқан, ораманы ашқан кезде телефон мен SIM карта табылып, тәркіленді.
Әңгімелесу барысында Семей тұрғыны оған бұрын таныс емес ер адам көмек сұрап жүгінгенін мойындады.
– Қазіргі уақытта курьерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, – деп түсіндірді жедел бөлімнің қызметкері Әділет Құлатаев.