Көкшетаулық полицейлер бүтін бір отбасын өрттен құтқарды
Көкшетаулық полицейлер бүтін бір отбасын өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 22 желтоқсанда Көкшетауда болды. Көкшетау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Ербол Тұрсынбаев пен Мейрам Баяділовтен құралған «Әскер-3» автопатрульінің экипажы қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік қызметіне кірісті.
Көкшетау көшелерін патрульдеу кезінде олар жеке үйден шыққан қара түтінді байқады. Тәртіп сақшылары үй тұрғындарын оятып, көшеге шығарды, үйді қуатсыздандырып, өрт ошағын сөндірді, өртке қарсы қызмет пен жедел жәрдем шақырды.
Полицейлердің жанқиярлық әрекеті туралы қала тұрғындары полиция басқармасының басшылығына батыл патрульшілерге алғыс сөздерімен жүгінгеннен кейін ғана белгілі болды.
– Бұл түн біз үшін қайғылы аяқталуы мүмкін еді: менің үйімде су жылытатын электр кабелі тұтанып, жеке үйіміздің қаптамасы жанды. Бірақ полиция қызметкерлерінің өз жұмысына жауапты, қырағылықпен және адалдықпен қарауының арқасында олар тұтану мен түтінді байқап, бізді оятып, маған және балаларға шығуға көмектесті, ешкім зардап шеккен жоқ. Ербол Тұрсынбаев пен Мейрам Баядиловқа үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық тілеймін, отбасыларыңызда әрқашан жақсылық, бейбітшілік, бақыт пен амандық болсын, – деп жазды Елена Николаевна өз хатында.
Жаңа жылдық мерекелердің жақындауына байланысты Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және пиротехниканы қауіпсіз іске қосу тәсілін сақтауды ескерткім келеді.