Түркістан облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген
Түркістан облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібастық жергілікті тұрғын жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған. Рейдтік жұмыстар барысында тәртіп сақшылары Рысқұлов ауылы, Қонаев орталық көшесінде жарықшамын жақпай келе жатқан ВАЗ 21063 автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Яғни 2020 жылдың қараша айында ішімдік ішіп, заң бұзған жүргізушіні сот 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Алайда 56 жастағы жүргізуші қорытынды шығармай, мас халде қайта көлікті тізгіндеген.
ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруына жол бермеу) бойынша іс қозғалып, автокөлік айыптұраққа қойды.
Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.