Қызылордадағы түзеу мекемесінде мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар арасында шығармашылық кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығармашылық кештің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №142 өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының тармақтарын іске асыру мақсатында, Қылмыстық-атқару заңнамасының басты мақсаттары, әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың жаңа қылмыстық құқық бүзушылықтар жасауының алдын алу. Осы міндеттер аясында сотталған азаматтар арасында өмірге қайта бейімдеу мақсатында №37 түзеу мекемесінде түрлі шығармашылық кештер мен спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.
Жиынға Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут, ҚР мәдениет қайраткері ақын, режиссер, “Тұран” сыйлығының иегері Оңталап Нұрмаханов, сондай-ақ ҚР мәдениет саласының үздігі, термеші, бірнеше дастандардың авторы жыршы Майра Сәрсенбаева мен ҚР мәдениет саласының үздігі, “ҚР Еңбек Озаттары Кітабына” енген және бірнеше жетістіктер мен салтанатты марапаттаулардың иегері Алтын Бекенова қатысты.
Жиын басында Алмас Махмут сөз сөйлеп, келген қонақтарға №37 мекемесінің тарихы мен түсінігінен қысқаша мағлұмат берді. Әрі қарай келген қонақтар өздері жайында және жеке шығармалары жайында түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге таныстырып, өз өмір жолдары мен бөлісті. Сонымен қатар шығармашылық көңіл күй сыйлау мақсатында термеші Майра Сәрсенбаева терме орындады.
Жиын қорытындысында қонақтарға мекеме әкімшілігінің атынан арнайы алғыс білдіріп, сый-сияпаттар табысталды.