Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті анықталды

Ақтөбе облысында шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 37 жастағы кәсіпкер алаяқтық бойынша арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлға өткен жылдың соңында Toyota Alphard көлігін шетелдік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеуге көмектесетінін айтып, 566 мың теңге сомасында ақшасын иемденген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ күдіктінің облыста осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетсек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 30 желтоқсанында аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру