Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қорғау” 33 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізушіні анықтады

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы арқылы 33 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды.

Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған “Қорғау” бағдарламасы берді.

Hyundai Elantra көлігі иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 33 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Рысқұлов көшесінде ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді.

Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көлігін ала алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру