Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын әріптесінің телефонын ұрлап кеткен

Астанада ТҚС қызметкері әріптесінің телефонын ұрлап, орталыққа тиесілі мотор майларын сатқан ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны құны 855 мың теңге тұратын Redmi телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол гаджеттің жоғалуы жұмыс орнында болғанын жеткізген.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция қызметкерлері көлік жуу мекемесінің 40 жастағы қызметкерін күдікті ретінде ұстаған. Ол әріптесінің телефонын еш кедергісіз ашық түрде ұрлағаны белгілі болған.

Сонымен қатар күдікті техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп жүріп, клиенттерге мотор майларын сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны да анықталды.

Осы фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру