Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алкоголь өнімін лицензиясыз өткізген 4 дүкен иесі жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында алкоголь өнімін лицензиясыз өткізген 4 дүкен иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, оның ішінде полицейлер алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізеді. 

– Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары белгіленген уақытта алкогольді сатудың 3 фактісін, сондай-ақ алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізудің 4 фактісін анықтады, иелері жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер ішімдік ішудің 409 фактісін анықтап, қоғамдық орында мас күйде ұстады, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.  

Мәселен, Екібастұз қаласында дүкендердің бірінде сатушы белгіленбеген уақытта бір бөтелке алкоголь өнімін сатқан. Бұл факті бойынша иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алкоголь өнімдерін сатуға лицензия тоқтатылды.  

Ал Шарбақты ауданының ауылдарының бірінде учаскелік комиссияның рұқсат құжаттарынсыз алкоголь сату фактісі анықталды. Анықталғандай, иесінің алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату қызметіне тиісті лицензиясы жоқ болды. Әр түрлі маркалы 60 банка сыра тәркіленді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін дара кәсіпкерге қатысты әкімшілік материал толтырылды, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру