Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тұрғын үйден электр кабелін ұрлаған азаматты ұстады

Түркістан облысында полицейлер тұрғын үйден 700 метрге жуық электр кабелін ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреу ұзындығы 700 метрге жуық домофонға жүргізілген кабелін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңге.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жұмыссыз тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, күдікті тұрғын үйдің жертөлесіндегі есігін бұзып, кабель ұрлаған. Сондай-ақ оның басқа да тағы бір ұрлыққа қатысы бар екендігін анықтады.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру