Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жас қызметкерлер тәлімгерлерімен Ленинград блокадасының куәгеріне барды

Абай облысында жас қызметкерлер тәлімгерлерімен Ленинград блокадасының куәгеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Семей қаласының қауіпсіздігі аралас мекемесінің жас қызметкерлері тәлімгерлерімен, 91 жастағы Семей қаласының тұрғыны Кошелева Клавдия Николаевнаны «Ленинград қаласының фашист блокадасынан толығымен босатылғанына 80 жыл» толуымен құттықтады. Клавдия Николаевна қызметкерлерге өзінің басынан кешірген қасіретті Ленинград блокадасы туралы әңгімесін айтып берді.

– 1941 жылы кішкентай сіңілдеріммен қоршаудағы қалада тұрдым. Менің жасым 9-да еді. Бомбалар атылған уақытта пәтерде барлық нәрсе құлайтын. Кіші сіңілдерім жертөлеге кетейікші деп шыңғырып жылайтын. Сол сәттерде көлекшең көше бойы жүгіріп жертөлеге барып жата қаламыз. Бір күн жертөлеге де бомба түсті. Бізден сәл алыс бір мұғалім мен 15 шақты оқушылар жатыр еді, құлағым естімей есімді әрең жиып маңайыма қарасам, әлгілер түгелі өліп қалыпты. Жапа жармақай сіңілілерімді құшақтай салып, көше бойы жүгіріп, үйге қаштым. Көшедеге құлап жатқан адамдарды айналып өтпей аттап жүгіріп кететінбіз. Аштық бәрін алды. Ақырғы күндері мен есікті жаппайтын болдым. Орнымнан тұра алмайтын жағдайға жеткенде комсомолдар тобы келіп төртеумізді ажал құшағынан алып шықты. Эвакуцияланғанда барлық бала балалар үйіне өткізілді, ал ең кіші сіңілім сәбилер үйіне өткізілді. 82 жыл іздеу салсам да, оны қайтып таба алмадым. Мереке қарсаңында маған Санкт-Петербург қаласының губернаторы алғыс хат пен төс белгісін жолдаған екен. Өзімнің әлі ұмыт қалмағаным мені қуантады, – деп сөзін аяқтады Клавдия Николаевна

– Қоршаудың аяқталғанына 80 жыл болды. Бұл ерлік ұрпақ жадында үлкен ерліктің айғағы ретінде қалады. Қоршауда болған әрбір адам ерлік пен қайратты рухтың жарқын үлгісі, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру