Алматы полициясына тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлері алаяқтық туралы хабарлады
Алматы полициясына тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлері алаяқтық туралы хабарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар Бостандық аудандық полиция басқармасына арызбен жүгінді.
– Жәбірленушілердің айтуынша, “Flora city stroy” ЖШС басшысы жоқ тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатумен айналысқан: ол алдын ала келісімдер жасаған, бірақ тұрғын үй кешенін салуға ұсынылған жерде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Пәтер үшін азаматтар 5 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін бастапқы жарна төлеген. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 15 адам бар. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.