Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді
Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың әрқайсысында 20-дан астам адам тіркелген.
Көші-қон қызметінің инспекторлары 28991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і өз тіркелген мекенжайында тұрады.
Бүгінгі таңда 10005 тұрғын бөтеннін үйінен тіркеуден шығарылды.
Рейдтер барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.
Сонымен қатар тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.