Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 7 млн теңгеге сан соқтырған

Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 7 млн теңгеге сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау тұрғыны “кепілдендірілген пайда” криптовалютаға инвестиция салу үшін ақшалай қаражат беруге көндірген алаяқтардың құрбаны болды.

“Инвестициялау арқылы пайдалы табыс” туралы хабарландыруын әйел 2023 жылдың қарашасында әлеуметтік желіден кездестірген. Жәбірленушінің айғақтары бойынша, 2023 жылы 4-23 қараша аралығында белгісіз адам алдау арқылы өзіне тиесілі 7 млн 280 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденді.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін анықтады. 2004 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны жәбірленушінің ақшалай қаражатын үшінші тұлғаға аударған делдал болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері негізгі күдіктінің жеке басын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру