Павлодар облысында жолақысын төлемей, қашып кеткен екі азамат анықталды
Павлодар облысында жолақысын төлемей, қашып кеткен екі азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікте жолақысын ақшалай және картамен, телефонмен төлеуге болады. Бұл ретте тұрақты негізде жолаушыларға желідегі бақылау туралы ескертіледі. Бірақ кейбір азаматтар «мүмкін өтіп кетермін» деп үміттеніп, уақытылы төлем жасамайды, ал бұл заң бұзушылық үшін заңнамада жауапкершілік белгіленген.
– Мысалы, полицияға №5 қалалық қоғамдық көлікте екі жігіт жол ақысын төлемегені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгенге дейін тәртіп бұзушылар автобустан түсіп, қашып кетті. Екібастұз қаласының учаскелік инспекторлары ұсынылған бейне бойынша құқық бұзушыларды анықтады. Олар 22 және 24 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін олар жазаланды, әрқайсысына 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді Павлодар облысының Екібастұз ПБ.
Полиция жыл басынан бері 10 тұрғын «тегін» жүріп өткенін, олардың барлығы жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілер, жолаушылар мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол жүру ережелерінің алдын алу мақсатында 05-29 ақпан аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.