Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны өз жерлестерін 8 млн теңгеге сан соқтырған

ШҚО тұрғыны өз жерлестерін 8 млн теңгеге сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны несие алуға және пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауында, үлкен соммаға ақшалай несие рәсімдегенге несие тарихын жақсарту үшін қала тұрғындарына тауарлық несие рәсімдеген. Тауарлық несие рәсімдегеннен кейін өзінің танысы арқылы тауарды сатып, келесі күні ақшаның көбірек бөлігін өзіне қалдырып, жәбірленушіге қалған бөлігін берген.

Осылайша жарты жыл ішінде әйел 7 адамды алдап, оларға 8 млн теңгеден астам соммада материалдық шығын келтірген.

Сот әйелді ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 3 жыл 6 ай мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

– Абай облысы әйелдер колониясына түскеннен кейін сотталған жұмысқа орналасып, жәбірленушілердің талаптарын төлей бастады. Ол тұрмыста және кәмілетке толмаған үш баласы бар, – деп түсіндірді есепке алу бөлімінің бастығы Голикова Светлана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру