Жамбыл облысының полиция департаментінде кадр саясаты мәселелері талқыланды
Жамбыл облысының полиция департаментінде кадр саясаты мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2024 жыл ІІМ-де кадрлар сапасын жақсарту жылы деп жарияланды. Осыған орай кадр саясаты мәселелері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Сматовтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте қаралды. Кеңеске аудандық полиция бөлімдері мен ПД бөліністерінің бастықтары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне кадрлық әлеуетті жетілдіру, жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, имидждік жұмысты жақсарту мәселелері қойылды.
Бүгінгі таңда орын алып отырған өзекті мәселелер қаралып, жекелеген қызметтер мен аумақтық бөліністердің жұмысын жетілдіру бойынша нақты міндеттер белгіленді. Оқу орындарына барып, кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылды.
Қанат Сматов кадр саясаты туралы айта келе, тәжірибелі қызметкерлердің іскерлігін, кәсіби және моральдық-психологиялық қасиеттерін ескере отырып кадр резервіне ұсыну, сондай-ақ тәрбие жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша Қ. Сматов жедел кеңесте көтерілген бірқатар проблемалық мәселелерді қатаң бақылауға алды. Жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету, халықпен кері байланыс орнату туралы тапсырмалар берілді.