Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жазасын өтеп жатқан сотталғандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға сыйлық жасады

ШҚО-да жазасын өтеп жатқан сотталғандар мүмкіндігі шектеулі адамдарға сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ағаштан ойын шахматын жасап берді. Мұндай жандарға арналған шахмат тақталары ерекше болады. Осыларды қарастыра отырып, жазасын өтеушілер ынғайлы етіп жасаған.

– “Шығыс Қазақстан облысының зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы” коммуналдық мекемесінің қызметкерлеріне тапсырылып, кітапханаға қойылды. Алдағы уақытта осында келген әрбір мүгедек жандар үшін, уақыты қызықты өтетіні анық, – деді мекеме бастығының орынбасары Арман Катанов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру