Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейі науқас баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ақмола облысында полиция қызметкері баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының учаскелік полиция инспекторы Ардақ Нұрмұқанов Атбасар – Көкшетау автожолының 44-ші шақырымында түнгі уақытта жолды патрульдеу кезінде ауа райының қолайсыздығынан кюветке соғылған Toyota Land Cruiser автокөлігін байқады.

Полицей тоқтағаннан кейін, жүргізушіден басқа көлікте науқас баласы бар қатты қорқып, қобалжып тұрған әйел бар екенін білді. Уақыт жоғалтпай, учаскелік полиция қызметкері анасын және кішкентай қызын қызметтік көлікке отырғызып, жарқылдауық маяктарын қосып, 35 минут ішінде облыстық ауруханаға жеткізді.

– Сол күні қатты боранның салдарынан нөлдік көріну болды. Тәуекелге бел буып, дереу қалаға жетуді шешті. Осы сәтте мен балаға ештеңе болмай, дереу ауруанаға жеткізуді ойладым, – деп еске алады Ардак.

Полиция қызметкерлері мен ата-ана баланы дәрігерлердің қарауына тапсырды. Учаскелік полицейдің жылдам және кәсіби іс-әрекетінің арқасында баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Ата-аналар бейнеөтініш жазып, Нұрмұқанов Ардаққа зор алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру