Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы ПД-да «На госслужбе» кітабының тұсаукесері өтті

Атырау облысы ПД-да жазушы Жан Ақжановтың «На госслужбе» кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінде атақты жазушы, қоғам қайраткері, публицист және көркем әдебиетті дәріптеуші Жан Ақжановпен кездесу өтті. Жан Ақжанов – «Степь и судьба», «Сладкий дождь», «Путь врача», «Аудит счастья» сынды көптеген кітаптардың авторы.

Жазушы кездесу барысында өзінің шығармашылық жетістіктерін, сондай-ақ қазіргі таңда тәртіп сақшыларының қызметі туралы қалам тербеп жүргені туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жазушының жуырда ғана жарық көрген «На гослужбе» атты кітабындағы оқиға желісі туралы айтылды.

Автор «На госслужбе» кітабында дамыған Қазақстанда еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің өмірін шығарма кейіпкерлері арқылы көрсеткен. Және де автор бұл кітапта еліміздегі эносаралық неке мәселесін де көтерген.

Кездесуге Атырау облысы полиция департаментінің жеке құрамы белсенді қатысып, әдеби шығармаларға қатысты сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, кездесу барысында жазушы Жан Ақжанов бұл әдеби басылым ішкі істер органдарында қызмет ететін еңбек адамдарына әрі қарай қарқынды жұмыс жасауға мотивация боларлықтай кітап екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру