Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде спорттық іс-шара өтті

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік колониясында «Алғыс айту күні» мерекесіне орай спорттық жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД орта қауіпсіздік колониясында сотталғандар арасында спорттық іс-шара өткізілді. Шараға 40 сотталған қатысты.

Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Семей қаласының орта қауіпсіздік колониясында сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі салмақ көтеру, үстел теннисі және арқан тарту бойынша сотталғандар бақ сынасты.

– Спорттық іс-шара соңында сотталғандар мекеме әкімшілігіне өткізілген іс-шаралар үшін алғыс білдірді, – дейді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлімі бастығы Мақсұт Бақытбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру