Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады
Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ қызметкерлері Семей қаласындағы №8 балалар үйінде тәрбие алып жатқан жасөспірім қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қазіргі күні балалар үйінде 4 пен 18 жас аралығындағы барлығы 66 бала бар. Оның 30-ы қыз балалар.
– Бүгінгі мерекелі күні қыздарымызға көңіл бөлген қызметкерлерге рақмет, – дейді балалар үйінің психолог-педагогы Эльмира Масалимова.
– Әрбір әйел мен әр қыз 8 наурызды асыға күтеді, бүгін ата-ана жылуынан айырылған қыздарға қонаққа бардық, олармен әңгімелестік, болашаққа жоспарларын сұрадық. Біздерді таң қалдырғаны, бұнда бірнеше жасөспірім қыз балалар полиция формасын кигісі келеді екен. Кім біледі, бәлкім, бүгін болашақ тәртіп сақшыларымен сөйлескен шығармыз, бізді бұл жайт қатты қуантты, – деді кадр саясаты бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.