Павлодар полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы тәуекелді бағалады
Павлодар полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы тәуекелді бағалау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында «Полиция жұмысының Қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы шақыруларға қызмет көрсету кезінде учаскелік полиция инспекторлары бағалау парағын толтыра отырып, жәбірленушілерге сауалнама жүргізеді.
– Барлық материалдар біздің бөлімшеге беріледі. Біз тәуекелді бағалау мониторингін жүргіземіз. Бастапқыда біз әрбір жәбірленушіге қоңырау шалып, көмек көрсетеміз. Әрбірімен әңгімелесеміз және тәуекелі жоғары жәбірленушілерге ерекше назар аударылады. Жәбірленушімен және құқық бұзушымен бірге отбасылық жанжалдың туындау себептерін нақтылай отырып, жеке әңгімелер жүргізіледі. Осындай отбасыға көмектесуге тырысамыз, оларға кеңес береміз, медиаторлар мен психологтарды, сондай -ақ барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды қосамыз, – дейді Павлодар қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың инспекторы Әсем Рахимова.
Полицейлер бүгінгі күні 475 тәуекел бағалауы жасалғанын айтты. Талдау нәтижесі көрсеткендей, барлық сауалнамаға қатысқандардың ішінен тәуекел деңгейі стандартты – 390, орташа – 74, жоғары – 11 екіндігі анықталды.
Стандартты тәуекел деңгейіне бір адамның екіншісін қорлайтын мінез-құлқының немесе бақылауының тұрақты үлгісі жатады. Тәуекелдің орташа деңгейіне бір адамның екіншісіне зорлық-зомбылық пен бақылаудың тұрақты моделі және жиі зорлық-зомбылық жатады. Егер қандай да бір арандатушылық оқиға орын алса, қылмыскер ауыр зиян келтіруі мүмкін.
Полицейлер осы деңгейдегі жәбірленуші мен агрессорды уақытша оқшаулайды және агрессорды емдеуге көмек көрсетеді. Сот арқылы қорғау, психологиялық және заң көмегі, медициналық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, балаларға көмек көрсету, ҮЕҰ-ға көмек көрсетуді үйлестіру қамтамасыз етіледі, есепке қойылады және ахуалдың тұрақты мониторингі қамтамасыз етіледі.
Тәуекелдің жоғары деңгейіне бір адамның екіншісіне бақылауының экстремалды деңгейі және тұрақты зорлық-зомбылық жатады. Жәбірленушіге құқық бұзушы тарапынан зиян келтіру қаупі бар. Зорлық-зомбылық оқиғасы кез келген уақытта болуы мүмкін және оның салдары ауыр болады. Осы деңгейдегі жәбірленушілерді полицейлер дағдарыс орталығына шұғыл оқшаулайды. Шұғыл сот қорғауы – куәгер ретінде қатысады, агрессорды емдеуді қамтамасыз етуге көмектеседі, агрессордың жұмыс орны бойынша алдын алу әңгімелесу жүргізеді, медициналық, әлеуметтік, психологиялық және заң көмегін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мұнан бөлек, балаларға көмек көрсетіледі, ҮЕҰ көмегі ұйымдастырылады, жағдайды есепке алу, тұрақты мониторингке қосу жұмыстары жүргізіледі.
– Қарсы тексерулер жүргізу кезінде сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі көмек пен одан әрі талқылаудан бас тартады. Бірақ біз мұндай отбасыларды бақылауда ұстаймыз және оларды жиі тексеріп отырамыз. Тек отбасы мүшелерімен ғана емес, көршілерімен де сөйлесеміз, – деп атап өтті Әсем Рахимова.