Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған 687 жүргізуші анықталды

Биыл Павлодар облысында көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған 687 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қою – басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, жолда апаттық жағдай туғызып, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және басқа да өмірлік маңызы бар қызметтердің жол жүруіне елеулі кедергі жасайды.

Жыл басынан бері Павлодар облысында полицейлер өз көліктерін рұқсат етілмеген жерге қойған 687 бұзушыны анықтады.

Мысалы, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі өз көлігін Торайғыров көшесіндегі дүкеннің жанына қалдырып кеткен, бұл басқа көліктердің қозғалысына кедергі болды. Көлігімен жолдан өте алмаған автокөлік жүргізушілері ашуланып, полицияға қоңырау шалды. Тәртіп сақшылары осы көліктің жүргізушісі өзінің іс-әрекетін дүкенге тез кіріп шығу үшін және жол қозғалысының басқа қатысушылары туралы мүлдем ұмытып кеткені туралы түсіндірді. Жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру