Алматы облысында жылқы етін қолды қылған тұрғындар ұсталды
Алматы облысының полицейлері ұрланған бір бас жылқы етін тасымалдаған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары қызмет атқару кезінде Алматы – Өскемен автожолында Toyota автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде көлік құралының салонынан ұрланған бір бас жылқы еті тасымалданғаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37, 43 және 55 жастағы Еңбекшіқазақ ауданында тұратын үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар соттың шешімі бойынша қамауға алынды.
Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды осы тәріздес басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп, мал ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.