Шымкентте полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратуы өтті
Шымкентте полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің жеке құрамы қала әкімдігі ғимаратының алаңында жиналып, сап түзеді. Мемлекеттік Әнұранды шырқап, саптық байқаудың элементтерін бұлжытпай орындады. Гарнизондық қызметке тарату жиынына мегаполистың тәулік ішіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуші мыңға жуық тәртіп сақшысы қатысты. Оның ішінде 5 аудандық полиция басқармсы, патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық ұланның әскерилері бар. Ауқымы кең іс-шараға қызметтік автокөліктер де жұмылдырылды.
Жиын мақсаты – полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру, олардың құжаттары мен құрал-жабдықтарын және сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісін жіті назарға алып, кемшіліктер кездессе, дер кезінде шара қолдану.
Тәуліктік нарядқа түсетін тәртіп сақшыларының қызметтік құрал-жабдықтары мен құжаттары, нысанды киім үлгісі жіті тексерілді. Саптық байқаудың әрбір элементін тиянақты орындай жүріп өткен сақшылар өз қызметтеріне даяр әрі қырағы екенін көрсетті.
Гарнизондық қызметке тарату жиыны салтанатты саптық жүріспен тәмамдалды.