Батысқазақстандық тұрғын сындарлы сағатта дереу көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны сындарлы сағатта дереу көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні облыс аумағында су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Елдімекендерде алты мыңнан астам адам, оның ішінде үш мыңнан астам бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерде мыңнан астам адам орналастырылып, қалғандары туыстарына жіберілді.
Полиция қызметкерлері тәулік бойы адамдарды көшіріп, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
Ресейде пайда болған бес трансшекаралық өзендерде су деңгейі жоғарылап жатқаны байқалады. Нәтижесінде Казталов және Жаңақала аудандарына баратын Қараөзен және Сарыөзен өзендеріндегі су деңгейі артып келеді.
Қазіргі уақытта бұл өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Шаған мен Деркөл өзендері қауіпті деңгейге жетті, Жайық өзеніндегі су көлемі де артуда. Бұл өзендердің суы саяжайлар мен жағалаудағы үйлерді басып жатыр.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері Орал қаласының Самал шағын ауданының тұрғындарын эвакуациялады. Осылайша полиция қызметкерлері Самал шағын ауданында тұратын егде жастағы әйелді қауіпсіз жерге көшірді.
Әйел сындарлы сағатта дереу көмекке келген полиция қызметкерлерінің жұмысы үшін алғыс айтты. Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 700-ден астам полиция қызметкері мен 104 бірлік техника жұмылдырылды.
Облыста бүгінгі таңда жағдай күрделі және бақылауға алынған.