Павлодар облысында 500-ден астам ата-ана балаларының түнгі демалысы үшін жазаланды
Павлодар облысында 500-ден астам ата-ана балаларының түнгі демалысы үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу полицияның тұрақты бақылауында болады. Мәселен полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Бектұров көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің сүйемелдеуінсіз сағат 22:00-ден кейін мекемеге кіруіне рұқсат еткенін анықтады.
– Көп жағдайда балалар түнгі уақытта қылмыстың құрбаны болады. Бұл ата-аналардың тиісті бақылауының болмауына байланысты. Олар балаларына ойын-сауық орындары мен көшелерде сүйемелдеусіз еркін жүруге мүмкіндік береді. Компьютерлік клубтарға бару тәжірибесі тағы да өзекті. Бұл кейде отбасында жанжал тудырады. Ата-аналар жібермейді, ал балалар клубқа бару үшін сылтау іздейді. Кәмелетке толмаған баланы түнде ұстаған кезде оны полиция бөлімшесіне жеткізеді, содан кейін жеке басын анықтайды және ата-анасына хабарлайды. Кәмелетке толмағанның ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта мекемеде болуына жол бергені үшін түнгі мекеме иелері мен заңды өкілдері айыппұл салумен жауапқа тартылды, – деді Павлодар қаласы оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Гаухар Рахымғожина.
Биыл Павлодар облысы бойынша көңіл көтеру және ойын-сауық орындарының 27 иесі және 501 ата-ана кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта олардың сүйемелдеуінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.